Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қазақстан Реупубликасы Шымкент қаласы білім басқармасының "кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қазақстан Реупубликасы Шымкент қаласы білім басқармасының "кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymcan.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Шымкент қаласы білім басқармасының

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ

бос және (немесе) уақытша бос жұмыс орынға

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Тәрбиеші (2 орын)

Конкурс өткізу мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласы білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ

Конкурс өткізетін мекеменің мекен жайы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Индекс160010, Ж.Нұрлыбаев көшесі 15, электронды                                      пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефондары: 8(7252)44-30-16, 8-701-548-62-12

Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек ақы төлеу мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес белгіленеді.

Лауазымның тұрақты немесе уақытша болуы:Уақытша

Лауазым жүктемесі:1бірлік

Лауазымды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" №338 бұйрығына сәйкес:

Лауазымдық міндеттері: /8-параграф.126 тармағына сәйкес/

  • әр баланың жеке басын дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерттейді;
  • әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмысты жүргізеді;
  • тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады;
  • оларға оқуда, бос уақытты ұйымдастыруда және қосымша білім алуда көмек көрсетеді;
  • сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді;
  • тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • медициналық қызметкерлермен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шараларды өткізеді, балалардың ұйымда болған уақытында олардың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапты болады;
  • топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, оқу жабдығының, ойыншықтардың есебін жүргізеді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалайды және айқындайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін қажетті жағдайлар жасайды, балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;
  • белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды және тапсыруды қамтамасыз етеді;
  • тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

Біліктілікке қойылатын талаптар: /128 –тармағына сәйкес/

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе өтілі талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
  • және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
  • және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.

Құжаттар тізімі:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы. 118- тармақшасына сәйкес Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мекеменің Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  электронды поштасына (PDF) форматта жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Қосымша ақпарат:

  1. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
  2. Осы Қағидалардың118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
  3. Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Қосымша талаптар:

1.Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолданады.

2.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

3.Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

Білуге тиіс:    

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" заңдарды және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогика және психология негіздері;

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

педагогикалық этиканың нормалары;

 еңбек заңнамасы негіздері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

 

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату
қағидаларына10-қосымша

Нысан

 

____________________________
Конкурс жариялаған
мемлекеттік орган

_______________________________________________________________

(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН _____________________________________________________________                                            

           (лауазымы, жұмыс орны) _____________________________________________________________________________________________________________________________

      Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын

      (қажетінің астын сызыңыз)

      _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

      _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

      Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін

Оқу орнының атауы

Оқыту кезеңі

Диплом бойынша мамандық

   

 

Жүктеу

 Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):

 _____________________________________________________________

Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________

 Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________

  Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)

  ____________________________________________________________

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату Қағидаларына
11-қосымша

Нысан

Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________         

                         (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары
(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл
Жоғары күндізгі = 2 балл
Жоғары күндізгі үздік= 3 балл
Магистр = 5 балл
Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл

2.

Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл
Ғылыми доктор = 10 балл
Ғылыми кандидат = 10 балл

3.

Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл

4.

Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл
Бірінші санат = 2 балл
Жоғары санат = 3 балл
Педагог-модератор = 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл
директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

6.

Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл
"жақсы" = 0,5 балл

7.

Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл
Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

8.

Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;
- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;
- мемлекеттік награда

1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл
ғылыми жобалардың = 1 балл
2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл
"Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл
"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл
РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл
БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10.

Қоғамдық-педагогикалық қызметі

Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл, ӘБ басшылығы = 2 балл.Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл, шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,
үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11.

Курсқа дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық, КАЗТЕСТ, IELTS;
TOEFL; DELF сертификаттары; Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері"  рограммалары бойынша оқыту, "Microsoft"
Курсера жұмыстарына оқыту Халықаралық курстар: TEFL Cambridge "CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary) DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
"TKT Teaching Knowledge Test" Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)"TESOL"Certificate in teaching English for young learnersInternational House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching Online Teaching for Educators: Development and Delivery
Educational Management Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers Курсы на платформе Coursera, Futute learn Teaching Mathematics with Technology Special Educational Needs
"Developing expertise in teaching chemistry "

ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары
= 0,5 балл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)
= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

12.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады

Барлығы: